{metadescription}

Қылмыстық жазаны өтеу мекемелерінде 38 мыңнан астам бейнекамера орнатылды

Өткен жылдың соңында қызметкерлердің де, сотталғандардың да ықтимал заңсыз әрекеттерін бақылауды және алдын алуды қамтамасыз ету үшін жаппай бейнебақылау жүйесін енгізу жобасы аяқталды.

Бүгінгі таңда қамау орындарында 38 мыңнан астам бейнекамера орнатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков айтып берді, деп жазады kazinform.

«Бейнебақылаудың арқасында жоба енгізілген сәттен бастап 21 мыңнан астам ұстау режимінің бұзылуы анықталды. 47 суицид және 4 қашу әрекетінің алды алынды, 9 жанжалды жағдайдың топтық төбелеске айналуына жол берілмеді», — деді Теңізжан Жәнібеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бірқатар сотталғандар өздерінің заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында бейнекамераларды қасақана зақымдайды. Осыған байланысты оларды қасақана бүлдіргені және жойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Жаңа 428-1-бап бойынша бейнекамераларды бүлдіргені үшін 7 жылға дейінгі жаза қарастырылған.

«Жалпы, жүргізілген бақылау мен бейнемониторингтің профилактикалық әсері мекемелердегі жедел жағдайға оң әсер етеді», — деді Т. Жәнібеков.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.