{metadescription}

Маңғыстауда шетелдік азамат есірткі оралған пакетті жұтып қойды

Оқиға Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде болған. 

«Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған Өзбекстан азаматынан жасыл пакетке оралған зат табылды, деп жазады kazinform. Алайда, шетелдік азамат тексерушілердің қолынан пакетті жұлып алып, жұтып қойған. Қызметкерлер күтіктіні Бейнеу аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасату арқылы бөгде затты анықтады. 

Сот сараптамалық қорытынды бойынша тәркіленген зат салмағы – 1,26 грамм психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде