{metadescription}

Борышкерлер тізіміне енген адамдар бәс тіге алмайды – Жаңа заң

ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу бойынша жаңа заңнаманы түсіндірді, деп жазады kazinform.

Тиісті заңға 8 шілдеде қол қойылды. Бұл құжат 8 кодекс пен 14 заңның нормаларын қозғайтын бұрын-сонды болмаған 150 түзетуді қамтиды.

«Құмар ойындар мен бәс тігуді, оның ішінде СМС-хабарламалар арқылы жарнамалауға шектеу қойылады. Букмекерлердің сыртқы жарнамасына, соның ішінде көлік құралдарында жарнамалауға тыйым салынады. Букмекерлік кеңселер, спорт ғимараттарына және спортшылардың жабдықтарына ғана рұқсат беріледі. Осыған ұқсас норма масс-медиаға, оның ішінде интернет-ресурстарға қатысты қарастырылған», - деді М. Төлебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, азаматтар букмекерлік кеңселерді жарнамалайтын SMS-тер алмайтын болды.

«Біріншіден, мұндай хабарламалар абоненттің келісімінсіз келеді. Екіншіден, ақпараттық бюллетень мен визуалды жарнама заңды түрде құмар ойындарға қатыса алмайтын 21 жасқа толмаған азаматтарға таргеттеледі. Мұндай құқық бұзушылар үшін заң ӘҚБтК-нің 455-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікті көздейді», - деп түсіндірді спикер.

Сонымен қатар, борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген адамдарды құмар ойындарға жіберуге және бәс тігуге тыйым салынады. Мұндай адамдар саны, уәкілетті органның деректері бойынша, шамамен 3,5 млн құрайды.

«Бұл норма азаматтарды ұтыс тігіп, соның есебінен қарыздарды жабуға тырысу әрекетінен қорғайды», - деп атап өтті Мирас Төлебаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде