2027 жылға дейін квазимемлекеттік ұйым құруға мораторий жарияланады
Ұлттық экономика министрлігі 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін квазимемлекеттік ұйым құруға мораторий енгізу туралы қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.
Фото: Kazinform
19:36 18.07.2024
«2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін», - делінген құжатта.
Дегенмен, бұл мораторий «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңды орындаумен байланысты шараларға әсер етпейтіні айтылған.
Сондай-ақ, аталмыш шектеудің Президент тапсырмаларымен байланысты айрықша жағдайларға қатысы жоқ.
Мораторий Мемлекет басшысының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру қажеттіліктерінен туындап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!