Қазақстанда Instagram мен TikTok-тағы заңсыз лотереялармен күрес басталды
Елімізде лотереялар ойнатуға айрықша құқық лотерея операторына және оның агенттеріне беріледі.
Фото: freepik.com
18:37 18.07.2024
Ал заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін 4 млн теңге айыппұлға дейін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев айтып берді.
«Бүгінгі таңда 16 азамат айыппұл төлеп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылық туралы 30 хаттама соттың қарауына жолданды, тағы 35 факт бойынша жауапқа тарту үшін материалдар жиналуда. Ұйымдастыру бойынша жауапқа тарту үшін материалдар жиналуда», - деді М. Төлебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министрлік интернет-ойынханалар мен заңсыз букмекерлік сайттарды ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда осындай 15 ресурстың 3 ұйымдастырушысы анықталды, оның ішінде оларға төлем жасау және эквайринг қызметтерін көрсеткен жергілікті қаржы ұйымдары да бар.
«Олар бойынша материалдар Алматы қаласы мен басқа өңірлердің экономикалық тергеу департаменттеріне жолданды», - деді спикер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!