Лудоманиядан емделетіндер диспансерлік есепке алынбайды
Елімізде лудомандарды диспансерлік есепке қоймай емдеудің жаңа тәртібі енгізілуде.
Фото: Pixabay
17:39 18.07.2024
Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев айтып берді, деп жазады kazinform.
«Жасыратыны жоқ, лудомандар мемлекеттік клиникаларға жүгінбейді. Оның себебі, мұндай пациенттердің есепке алынуында. Есепке алынған азаматтар ЖОО-ға түсе алмайды, әскерде қызмет ете алмайды немесе жұмысқа орналаса алмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, ресми есепте бар-жоғы 19 лудоман бар», - деді М. Төлебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, пациенттердің көпшілігі өте қомақты ақшаға жеке ұйымдарда оңалтудан өтеді.
«Өйткені, жеке клиникалар бақылауға алынбайды және жабық болу мәселесі бар. Енді мемлекеттік клиникаларда да анонимдік қамтамасыз етіледі. Жаңа заңнама лудомандарды сапалы тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді спикер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!