Microsoft жұмысындағы ақау: Алматы әуежайы мәлімдеме жасады
Алматы халықаралық әуежайы Microsoft корпорациясындағы жаһандық ақауға байланысты мәлімдеме жасады.
Фото: Александр Павский/Kazinform
14:17 19.07.2024
Microsoft жұмысындағы ақау Алматы әуежайының жұмысына әсер еткен жоқ.
«Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүкіл әлемде Microsoft корпорациясындағы ауқымды ақауға байланысты әуе қатынасы тоқтатылып, компьютерлер мен банктер жұмысы істен шықты.
Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сүйенер болсақ, ақау АҚШ-тың бірнеше авиакомпанияларын, соның ішінде American Airlines, United Airlines және Delta Airlines байланыс ақауларына байланысты барлық ұшақтарын жерге қондырды.
Америкалық компаниялардан басқа, Turkish Airlines да қиындыққа тап болған. Бұл әуе билеттерін брондау мен тіркеуге әсер етіп жатыр.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!