Әуежай мен IT қызметтерінде әлемдік деңгейде ақау шықты: министрлік мәлімдеме жасады
Microsoft операциялық жүйесінің жаһандық істен шығуына байланысты, бірқатар елдерде әуежайлар мен IT-сервистердің жұмыстарында ақаулық байқалып отыр. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.
15:42 19.07.2024
«Қазіргі уақытта елдің маңызды инфрақұрылымдары мен мемлекеттік IT-сервистерінің жұмысында ешқандай ақаулар тіркелмеген. Шағымдар түскен жоқ, барлық жүйелер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Цифрлық даму министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр», — делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!