{metadescription}

Семейде жоғалып кеткен 9 жастағы бір тәуліктен кейін табылды

Абай облысы Полиция департаментінің дерегінше, 19 шілдеде із-түзсіз жоғалған үшінші сынып оқушысы аман-есен табылған.

Оны полицейлер, еріктілер мен қала тұрғындары іздестірді.

«Ұл баланы полицейлер, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар бүкіл қала болып іздеді. Іздеу қараусыз қалған ғимараттарда да, ойын-сауық орындарында да жүргізілді. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары оқушыны Шығыс кентінің аумығында тапты», –деп хабарлады полиция.

Тәртіп сақшылары баланы полиция бөліміне жеткізіп, әңгімелесті. Психологтың қарауынан өткен бала ата-анасына тапсырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде