Атырауда екі жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті
Атырауда екі жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті. Бірінің мүрдесі табылып, екіншісін іздестіру жалғасып жатыр.
Фото: ТЖМ
08:05 21.07.2024
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бүгін, 20 шілдеде мұнайлы шаһар маңындағы Көкарна шағын ауданы тұсында тұсында болған, деп жазады kazinform.
«Жайық өзенінің жабдықталмаған тұсында 2010 және 2011 жылы туған екі жасөспірім суға түскен. Өкінішке орай екі жасөспірім өзенге батып кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары сағат 19:30-да 2010 жылғы жасөспірімнің мүрдесін 4,5 метр тереңдіктен шығарды. Ал, 13 жасар жасөспірімді іздестіру жұмысы жалғасып жатыр», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Суға батқан жасөспірімді іздеуге төтенше жағдайлар департаментінен 15 құтқарушы, 5 жүзу құралы тартылған.
«Облыс тұрғындары мен қонақтарына қайғылы жағдайға ұрынбау үшін су айдындарында шомылу маусымы әлі ресми түрде ашылмағанын хабарлаймыз. Сол себептен, қауіпсіздікті сақтау мақсатында суға түспеген жөн. Рұқсат етілмеген жерде шомылу қауіпті, соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертеміз», - деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!