{metadescription}
Астана көшелерінің бірі үш күнге жабылады

Астана көшелерінің бірі үш күнге жабылады

Елордадағы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Алау» Мұз айдыны сарайы жақтан «Астана Арена» ауданындағы Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті.

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты 22-25 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Бұл ретте Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары ашылып, автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылады. 

Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде