{metadescription}
Атырауда Жайыққа батқан жасөспірімнің мүрдесі судан шығарылды

Атырауда Жайыққа батқан жасөспірімнің мүрдесі судан шығарылды

Атырауда екі күн бұрын бір отбасының екі баласы Жайық өзеніне батып кеткен болатын. Жасөспірімнің бірінің мүрдесі сол күні табылды. Ал, бүгін екіншісі судан шығарылды. 

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, жасөспірімнің мүрдесі бүгін, 22 шілдеде сағат 07:50 шамасында су бетіне қалқып шыққан.

«20 шілдеде Жайық өзенінің Көкарна шағын ауданы тұсында 2010 және 2011 жылы туған ағалы-інілі екі жасөспірім суға батып кеткен еді. Жасөспірімдер жабдықталмаған жерде шомылған. Құтқарушылар 2011 жылғы жасөспірімнің денесін сол күні кешкі сағат 19:30-да 4,5 метр тереңдіктен шығарған еді. Ал, бүгін 2010 жылғы жасөспірімнің мүрдесі оқиға орнынан 5 шақырым қашықтықта су бетіне қалқып шықты. Жергілікті құтқарушылар мүрдені шығарды», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Жайық өзеніне батқан жасөспірімдерді іздестіру жұмысына төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 15 құтқарушы, 5 жүзу құралы тартылды.

«Қайғылы оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысының аумағында шомылу маусымы әлі ресми түрде ашылмағанын хабарлаймыз. Су айдындарының рұқсат етілмеген жерінде шомылу қауіпті, соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сол себептен, облыстың тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын сақтауды, суға шомылудан бас тартуды ескертеміз», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде