{metadescription}
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды

Таиландта грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігі мәресіне жетті. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған сында қазақстандық балуандар 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған. 

Юсуф Ашрапов (67 келі) пен Ерасыл Жеңіс (82 келі) алттын жүлдегер атанды. Арсен Жұма, Бағылан Қуанышев, Рахат Бержанов пен Джохар Узаровтың еншісінде күміс бар. Ал, Айбек Айтбеков, Тайым Амангелді және Диас Сейітқалиевтер турнирдің қола жүлдегерлері атанды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 185 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде