{metadescription}
Алматыда Қарасай батыр көшесі жөндеуге жабылады

Алматыда Қарасай батыр көшесі жөндеуге жабылады

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Қарасай батыр көшесіндегі жол учаскесі жабылады.

Мәлім етілгендей, Қарасай батыр көшесінің Шәріпов көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі аралығындағы жолға орташа жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты 23 -25 шілде күндері аталған учаскелерде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.

Алматы тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

«Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады», – деп хабарлады әкімдіктен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде