{metadescription}

Шымкентте экстремистік ұйым анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен 22 адамнан тұратын «Хизб-ут-Тахрир» радикал-экстремистік ұйымын (Қазақстанда тыйым салынған - ред.) анықтады.

Олар биылғы Рамазан айында ауызашар сылтауымен радикалды экстремистік ұйымның жергілікті жақтастарының санын көбейту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін діни жиындар өткізген. 

Тінту барысыда Қазақстанда тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 256-бабының 1-бөлігімен және 259-бабының 1-бөлігімен тергеу амалдары басталды.

Осыған байланысты Шымкент прокуратурасы елдің конституциялық құрылымын бұзу мақсатында радикалды экстремистік ұйымға кіруге шақырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.