Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктер 23, 24 және 25 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
17:18 22.07.2024
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде төмен атмосфералық қысыммен жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, ал қатты жаңбыр, бұршақ солтүстік-батыста, солтүстікте, 24-25 шілдеде батыста, 25 шілдеде орталығында күтіледі.
"Күндіз ауа температурасы еліміздің шығысында +30+35℃ дейін, оңтүстігінде +38+43℃ дейін, оңтүстік-шығысында +31+37℃ дейін жоғарылауы болжанады", - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!