{metadescription}
Ферроқорытпа зауытындағы апат - зардап шеккендер туралы не белгілі

Ферроқорытпа зауытындағы апат - зардап шеккендер туралы не белгілі

Ферроқорытпа зауытындағы апаттан зардап шеккендерді емдеу бойынша жергілікті дәрігерлерге кеңес беру және көмек көрсету үшін Ресей Федерациясының жетекші институттары мен ауруханаларынан комбустологтер келді.

«Қарағандыға Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігі Орал мемлекеттік медицина университетінің апаттар медицинасы кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Амосов бастаған алты дәрігерден тұратын топ келді. Амосовтың күйіктерді емдеуде 40 жылдық тәжірибесі бар және жетекші комбустологтердің бірі. Сонымен қатар, мамандарға Ф. И. Иноземцев атындағы қалалық клиникалық аурухана күйік орталығының бөлім меңгерушісі Тимур Халилуллович Сухов кеңес береді. Сухов — күйікке шалдыққан науқастарды емдеуге маманданған 25 жылдық тәжірибесі бар травматолог», — деп хабарлады «YDD Corporation» ЖШС баспасөз қызметі.

Мақажанова атындағы аурухананың дәрігерлері мен мамандары ресейлік әріптестерімен бірге зардап шеккендерге жан-жақты медициналық көмек көрсетіп жатыр. Сонымен қатар, Израиль мен Түркиядан келген жергілікті және шетелдік мамандармен онлайн консультациялар жүргізіледі.

«Әзірге зардап шеккендердің жағдайы өзгеріссіз», — деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілде күні Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында күтпеген жерден жалын шыққан болатын. Төтенше жағдай салдарынан кәсіпорынның сегіз қызметкері зардап шекті. Олар Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша қосымша медициналық көмек көрсету үшін Қарағандыға Олжас Бекарысов бастаған академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының қызметкерлері де келді.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде