Ақтауда әскери бөлімге қайтып келмеген сарбаз іздестіріліп жатыр
20 шілде күні Ақтау қаласындағы 6656-әскери бөлімінде жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өткізілді.
Фото: istockphoto.com
18:39 22.07.2024
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 21 шілде күні ант қабылдаған жас сарбаздар қалалық сейілдемеге өздерінің ата-аналарымен бірге кешкі сағат 18.00-ге дейін жіберілді.
«21 шілде күні белгіленген уақытта (сағат 18.00-де) тексеру барысында Ақтөбе облысынан шақыртылған сарбаздың қалалық сейілдемеден келмегені анықталды. Қазіргі уақытта қатардағы жауынгерді іздестіру шаралары жүргізілуде. Қызметтік тексеріс тағайындалды, оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!