{metadescription}
Қазақстанға рулі оң жақтағы көліктерді бөлшектеп әкелуге тыйым ұзартылды

Қазақстанға рулі оң жақтағы көліктерді бөлшектеп әкелуге тыйым ұзартылды

Елімізге рулі оң жақтағы көліктерді бөлшектелген түрде әкелуге тағы 6 айға тыйым салынбақ. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың бұйрығы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Еске сала кетейік, биыл қаңтарда елімізге оң жақтағы көліктерді бөлшектелген түрде әкелуге уақытша тыйым салынған еді. 

«Рулі оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына бөлшектелген түрде алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін», - делінген жаңа бұйрық мәтінінде. 

Бұйрықтың түсіндірме жазбасында, жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдары қарастырылмағаны айтылған. 

Жоба 2 тамызға дейін көпшілік назарына талқыға ұсынылып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде