Ақтауда жоғалып кеткен сарбаз аман-есен табылды
Ақтау қаласында орналасқан 6656-әскери бөлімінен жоғалып кеткен сарбаз бір күннен кейін табылды.
Фото: istockphoto.com
20:03 22.07.2024
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қатардағы жауынгер әскери бөлімге өзі келген.
«Қазіргі таңда сарбазбен жеке әңгімелесу жүргізілуде. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақтауда әскери бөлімге қайтып келмеген сарбаздың іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!