{metadescription}
Алматыда тағы бір есірткі зертханасы жойылды

Алматыда тағы бір есірткі зертханасы жойылды

Республикалық «Қарасора» іс-шарасы аясында Алматының ҰҚқКБ қызметкерлері есірткі зертханасын жойды, деп жазады kazinform.

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Наурызбай ауданындағы жеке үйлердің бірінде синтетикалық есірткі жасалған. Тінту кезінде тұрғын үйдің жертөлесінде қабаттары бар шыны ыдыстар, прекурсорлар, химиялық заттар мен синтез қалдықтары салынған канистрлер, таразылар, араластырғыш, синтез камерасы, қою-сары түсті сұйықтық салынған ыдыстар, тыныс алу органдарына арналған маскалар, химиялық жұмыстарға арналған комбинезон және басқа да жабдықтар анықталып, тәркіленген.

Есірткі жасаған күдіктіге тағы екі адам көмектескен. Олар қаланың басқа аймақтарында ұсталды.

- Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар синтетикалық психотроптық зат «мефедрон» екендігі белгілі болды, прекурсордың жалпы салмағы 7 келіден асты. Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық ПБ-да сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды, - деп хабарлайды қалалық ПД.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде