{metadescription}
Ақтөбеде жеңіл көлік велосипед мінген екі жігіттті қағып кетті

Ақтөбеде жеңіл көлік велосипед мінген екі жігіттті қағып кетті

Ақтөбе қаласында жеңіл көлік пен велосипед соқтығысып, екі адам көз жұмды. Оқиға түнде болды.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша 23 шілде күні сағат 00:50-де қайғылы оқиға тіркелді. Қаладағы Ақжар-1 ауылы маңындағы айналма жолмен жүріп келе жатқан көлік жүргізушісі велосипедке соқтығысқан. Салдарынан велосипедтегі 25 және 26 жастағы екі жігіт көз жұмды, деп жазады kazinform.

- Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Kia» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қамауға алынды. Ол Ақтөбе қаласының тумасы, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде