{metadescription}
Жалған ҰБТ сертификатымен құжат тапсырғандар ісі құқық қорғау органдарына жолданды

Жалған ҰБТ сертификатымен құжат тапсырғандар ісі құқық қорғау органдарына жолданды

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сертификаттарын қолдан жасау бойынша оннан астам бұзушылық тіркелгенін мәлімдеді, деп жазады kazinform.

«Өкінішке орай, биыл жалған ҰБТ сертификаттарын ұсыну жағдайы анықталды. Қазіргі уақытта грант конкурсына құжаттар қабылдануда және қабылдау комиссияларына жалған сертификаттар ұсыну бойынша 10-нан астам әрекет тіркелген», - дейді тестілеу орталығы.

Орталық ҰБТ сертификатын қолдан жасау мүмкін емес екенін еске салды.

«Әрбір сертификатта оның түпнұсқалығын бірден тексеруге мүмкіндік беретін бірегей QR коды бар. Сондай-ақ, ҰБТ сертификаты ресми құжат болып табылады және оны қолдан жасау ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мысалы, мына сертификатта QR-код ашылмайды, сандар әр түрлі шрифтпен, әр түрлі көлемде жазылған», - деп түсіндірді орталық.

Сертификаттарды қолдан жасауға тырысудың барлық жағдайы тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.

«Достар! Сіздерді заң бұзушылыққа бармауға шақырамыз. Жалған құжаттарды қолдан жасау ауыр салдарға, ал шынайы еңбегіңіз бен адалдығыңыз теңдесі жоқ табыс әкелетініне сенеміз», - дейді Ұлттық тестілеу орталығы.

ҰБТ сертификаты app.testcenter.kz сайтында жеке кабинетте, certificate.testcenter.kz сайтында және eGov электрондық үкімет порталында қолжетімді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде