{metadescription}
Жыл соңына дейін дәрі-дәрмек қымбаттай ма – министр жауабы

Жыл соңына дейін дәрі-дәрмек қымбаттай ма – министр жауабы

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында дәрі-дәрмектің бағасы туралы пікір білдірді, деп жазады kazinform.

«Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерімен байланысты баға өсуін күтіп отырған жоқпыз. Сондықтан дәрі-дәрмек бағасы жыл аяғына дейін өсе ме, жоқ па, оны айтуға дайын емеспіз», - деді ведомство басшысы.

Айтуынша, дәрі-дәрмектің бағасы да елдегі экономикалық ахуалға тәуелді. 

«Өйткені бөлшек сауда нарығы бәсекелі орта болып есептеледі. Яғни, министрлік бұл нарықты толықтай реттей алмайды», - деді Ақмарал Әлназарова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.