{metadescription}
Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің келісімі және облыс әкімінің өкіміне сәйкес Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы қызметіне Каюпов Руслан Мұхамедәліұлы тағайындалды. 

Руслан Мұхамедәліұлы 1984 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген, деп жазады kazinform.

Жоғары білімді, «Экономика» мамандығы бойынша білім алған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес» магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі, «Мемлекеттік саясат» білім беру бағдарламасы бойынша «Бизнес және басқару» магистрі.

Еңбек жолын 2010 жылы «Самұрық» қоғамдық қорының үйлестірушісі болып бастаған. 2011-2014 жылдары Шиелі аудандық және Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімдерінің маманы, Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» орталығының бас сарапшысы қызметтерін атқарған. 

2014-2018 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, қала әкімінің баспасөз хатшысы, 2018-2020 жылдары Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 2020 жылдан осы кезге дейін облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.