{metadescription}
Әлназарова ферроқорытпа зауытындағы апаттан көз жұмған қарағандылықтың отбасына көңіл айтты

Әлназарова ферроқорытпа зауытындағы апаттан көз жұмған қарағандылықтың отбасына көңіл айтты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апаттан көз жұмған жұмысшының отбасына көңіл айтты, деп жазады kazinform.

«Жалпы толыққанды ақпаратты кейін береміз. Құрметті әріптестер, әріптесім жаңа маған зардап шеккендердің бірі қайтыс болғанын айтты. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз. Медицина қызметкерлері оқиға орнында қажеттік көмектің бәрін көрсетті. Жаңа айтқанымдай, арнайы бригада жіберілген. Алған күйіктің көлемі өмір сүру талаптарымен сәйкеспейтін еді деп айтуға болады. Өйткені зақымдану көлемі өте үлкен болды», - деді ол.

БАҚ өкілдері апаттан зардап шеккен адамдардың жағдайы тым ауыр болуына жедел жәрдемнің дер кезінде келмей, басқа көлікпен тасымалдануы қаншалықты әсер еткенін сұрады.

«Біз қажет болса, ол жағын толық тексереміз және қосымша ақпарат береміз. Негізі жедел жәрдем қызметіне қоңырау түскен. Бірақ ол жеткенше зауыт қызметкерлерін сондағы басқа көлікпен медициналық нысанға жеткізген. Жедел жәрдемнің келуін күтсе, мамандар әуелі сол жерде алғашқы көмек беріп, ауырсыну шогына қарсы дәрі-дәрмек берер еді. Дегенмен, жағдайы ауыр делінген 6 адам өте үлкен көлемде күйік алған», - деді Ақмарал Әлназарова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде