{metadescription}
Туыстар арасындағы некеге тыйым салу ұсынылды

Туыстар арасындағы некеге тыйым салу ұсынылды

Өзбекстанда жақын туыстармен некелесуге тыйым салу ұсынылады.

Отбасы және әйелдер істері комитеті «Отбасы кодексіне» осындай өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар. 

Қоғамдық талқылауға шығарған құжаттажазылғандай, Өзбекстанда екінші, үшінші және төртінші дәрежелі туыстық қатынасы бар адамдар арасында некеге тыйым салу қарастырылып отыр. 

2023 жылы туа біткен дерт пен генетикалық ауруы бар балалардың 9,7%-ы жақын туыстардың некесінен туған. 

«Талдауға сәйкес, 2023 жылы туа біткен дерті мен генетикалық ауруы бар балалардың 9,7%-ы жақын туыстардың некесінен туған. 2021 жылы бұл көрсеткіш – 9,1%, 2022 жылы 8,3% болған еді. Бұл ретте ең жоғары көрсеткіштер Сұрхандария (31,6%), Қашқадарияда (26%), Сырдария (13%), Андижан (12%), Самарқан (10,3%) және Бұхара облыстарында (10,1%) байқалып отыр», - делінген құжатта.

Дегенмен медициналық генетикалық тест нәтижесі бойынша неке құруға ниетті жұптар мен олардың болашақ перзенттерінің денсаулығында ықтимал дерттердің болмайтыны туралы дәлелдеме алынса, онда некеге рұқсат етіледі. Бұл орайда заң жобасын әзірлеген кометет Оңтүстік Корея, Ресей, Швейцария, Ұлыбритания, Украина, АҚШ және көршілес елдердің тәжірибесін негізге алған.

Әкесі мен анасының бауырлары, олардың балалары, атасы мен әжесінің бауырлары, олардың балалары және тағы да басқалары екінші, үшінші және төртінші дәрежелі туыс болып саналады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.