Қуандық Бишімбаев жазасын өтейтін түрмеге жөнелтілді
Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейтін болды.
Фото: Жоғарғы сот
16:02 23.07.2024
Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, бұрынғы министр қамауда отыратын мекеме сот үкіміне сәйкес белгіленген.
«Сотталушы (Қ. Бишімбаев) сот үкіміне сәйкес қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жолданды. Сонымен қатар, Қылмыстық атқару кодексінің 88-бабы бойынша сотталғандар жазасын өтеу орындарына тіркеуге сәйкес жіберіледі», — делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қылмыстық атқару кодексінің 93-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.
Еске сала кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!