Алматыда тұрғын үйдің кіреберісінде туысқанын өлтірген әйел ұсталды
Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Алмалы ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде денесінде пышақ жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылған.
Фото: pexels.com
19:04 23.07.2024
«Бұл қылмыс «ізін суытпай» ашылды. Қылмыс жасады деген күдікпен полиция экипажы әйел адамды ұстады. Ол қайтыс болған ер адамның туысы. Олардың арасында кикілжің болып, нәтижесінде әйел адамның қолына пышақ алғандығы белгілі болды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Басқа да мән-жайлары анықталуда», — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Айта кеткен жөн, ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!