{metadescription}
Ержан Мейрамов телекоммуникация комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Ержан Мейрамов телекоммуникация комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ержан Болатұлы Мейрамов Телекоммуникация комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ержан Мейрамов 1982 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында туған. 

Қазақ гуманитарлық заң университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен Корольдік Лондон Колледжін (King’s College London) бітірген. 

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi — заңгер, қаржы және несие, мемлекеттік басқару, мемлекеттік саясат магистрі. 

Үйленген, 6 қызы бар. 

2004 жылдан бері мемлекеттік қызметте.  

Соңғы қызметіне 2021 жылы мамырда тағайындалған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.