{metadescription}
Оралда көлік алып беремін 5,3 млн теңге иемденген алаяқ ұсталды

Оралда көлік алып беремін 5,3 млн теңге иемденген алаяқ ұсталды

Орал қалалық полиция басқармасы Абай полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан 29 жастағы қала тұрғынын ұстады. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш күдікті 39 және 41 жастағы қала тұрғынының сеніміне кіріп, «көлік алып беремін» деп, бірінен 2,7 млн, екіншісінен 2,6 млн (екеуін қосқанда, 5,3 млн) теңгесін иемденіп алған. 

«Сонымен қатар жедел іздестіру іс-шаралары барысында оралдықтарды алдады деген күдікпен 41 жастағы қала тұрғыны тергелуде. Алдын ала тергеу барысында аталған ер адамның Krisha.kz сайтына нарық құнынан төмен бағада пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны белгілі болды. Ол шұғыл ақша қажет деп және пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден 20 мыңнан 150 мың теңгеге дейін алдын ала төлем аударуды сұраған. Тіпті республиканың басқа қалаларынан да ақша аударғандар болған. Бүгінге дейін бұл алаяқтың қармағына түскен 5 азамат полицияға жүгінді. Қазіргі таңда аталған деректер бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жәбірленушілерге келтірілген залал көлемі нақтылануда», - деп хабарлады ведомстводан. 

Департамент мәліметі бойынша биылғы 6 айда Орал қаласында 374 алаяқтық дерегі тіркелсе, соның 200-ге жуығы ғана ашылған. Соның ішінде 197-сі интернет арқылы жасалған. 

Полиция қызметкерлері тарапынан алаяқтық қылмыстарының алдын алу және болдырмау бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Атап айтқанда, 23 298 адам @cyberpolice_zko аккаунтына тіркелсе, несие алудан ерікті түрде бас тартқан 46 648 тұрғынның есепшоты eGov сайты бойынша бұғатталған. Оған қоса 115 мыңға жуық зейнет жасындағы және басқа адамдардың үй-жайларында, мұғалімдер мен дәрігерлердің жұмыс орнында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соған қарамастан, алаяқтардың құрығына ілінгендер саны азаяр емес. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.