{metadescription}
Ферроқорытпа зауытында күйік шалған тағы екі адам қайтыс болды

Ферроқорытпа зауытында күйік шалған тағы екі адам қайтыс болды

Қарағанды ауруханасында ферроқорытпа зауытында зардап шеккен тағы екі адам қаза тапты. Төрт науқас әлі де ауыр жағдайда, деп хабарлайды Кazinform.

«Қарқынды реанимациялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы екі қызметкерінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 1981 және 1987 жылы туылған науқастар есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігеріп салып, күрескен болатын. Қаза тапқандардың жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қаза болғандар – балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро мен бас механик қызметінің шебері Төлеген Жетпісбаев.

Бұдан бұрын зауытта технолог болып жұмыс істеген 25 жастағы Ерұлан Қазкен қайтыс болған еді. Ал екі күн бұрын алған күйік салдарынан Музафар Исмаилов көз жұмған. Ол Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы Үміткер ауылында жерленді.

YDD компаниясы жерлеуді ұйымдастыру, қонақ асын өткізу және мазар тұрғызу, ескерткіш орнату бойынша барлық шығыны өз мойнына алғанын, сондай-ақ қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына барлық қажетті қолдау көрсететінін еске салды.

Атап айтқанда, компания келесі міндеттемелерді өз мойнына алады:

- Отбасын қолдау үшін жылдық 10 жалақы мөлшерінде біржолғы төлем.

- Отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесу.

- Қызметкер мен оның жұбайының барлық несиесін толық өтеу.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде