{metadescription}

Олжас Бектенов Түмен облысының губернаторы Александр Моормен кездесу өткізді

Премьер-Министр Олжас Бектенов РФ Түмен облысының губернаторымен кездесу барысында шекара маңы және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Қазақстан-Ресей сауда қатынастарын дамыту аясындағы аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан өңірлері мен Түмен облысы арасындағы тауар айналымы $113,3 млн құрады.

Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, мемлекеттік шекара арқылы автомобиль жүк-жолаушылар көпжақты өткізу пунктін реконструкциялау жобасы қаралды. 

Кешенді күрделі жөндеу шеңберінде өткізу пунктінің қолданыстағы шекараларында кіру жолақтарын кеңейту және жүк көлігі бағытында 2 жолақ, жеңіл көлік бағытында 4 жолақ салу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру АӨП өткізу қабілетін жақсартуға және сауда-экономикалық байланыстарды арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа, жоғары білім, туризм және спорт салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде