Павлодарда жүк көлігімен соқтығысқан Газель жүргізушісі көз жұмды
Daf xf жүк көлігі жылдамдықты шамадан тыс асырып, Газ-2705 көлігін соққан. Жол апаты салдарынан Газель жүргізушісі қаза болды.
14:06 25.07.2024
Облыс орталығын оңтүстік-батыс жақтан айналып өтетін Нұрлы жол автожолында болған көлік апатынан Газ-2705 жүргізушісі көз жұмды.
«Daf xf жүк көлігі Нұрлы жол автожолында жылдамдығын бақылай алмай «Газель» автокөлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан «Газель» жол шетіндегі қисық сызықты білеуге барып соғылған. Апат салдарынан Газ-2705 жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кеткен», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта автокөліктер айыптұраққа қойылып, тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!