{metadescription}
Мас күйінде ұсталған Қостанай имамы жұмыстан шығарылды

Мас күйінде ұсталған Қостанай имамы жұмыстан шығарылды

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Қостанай облысы имамының мас болып көлік айдап ұсталған қылығына орай кешірім сұрады. 

Қостанай облысының имамы Бахытбек Тәжімбеттің 23 шілдеде Ақмола облысының Бурабай кентінде автокөлігін мас күйінде жүргізіп, жол ережесін бұзған. 

Оны тәртіп сақшылары Бурабайдағы «Регион» түнгі клубының жанында «Хайландр» көлігімен кетіп бара жатқанда қолға түсірген. Имамға хаттама толтырылып, 15 тәулікке қамауға алынды. 

Осы оқиғаға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме жасады. 

«Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды. Алла Тағала баршамызды жамандық пен өкінішті істерге жетелейтін нәпсі қалауының кесірінен сақтағай», - дейді ұйымнан

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде