{metadescription}
Целиноград ауданына жаңа әкім тағайындалды

Целиноград ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Президент Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Дарын Сабырғали Целиноград ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ауданның жаңа басшысын облыс әкімі Марат Ахметжанов таныстырды.

Дарын Сабырғалиұлы 1986 жылы Алматы қаласында туған.

Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласында «Астана Автоком Инвест» ЖШС басқарушы директоры болып бастады.

2015-2017 жылдары Ақмол ауыл округі әкімінің орынбасары, Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.

2017-2020 жылдары Ақмола облысы әкімінің, Шортанды ауданы әкімінің аппараттарында жұмыс істеді, «G-Global» халықаралық хатшылығы қауымдастығының кеңесшісі болды.

2021 жылдың мамырынан 2024 жылдың сәуіріне дейін Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Сәуір айынан бастап Ақмола облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде