{metadescription}
Майқайың кенішінде соңғы құтқарушының денесі табылды

Майқайың кенішінде соңғы құтқарушының денесі табылды

25 шілдеде құтқарушылар Майқайың кенішінде жердің астына түсіп кеткен төртінші адамды тапты.  

Автобустың бөлшектерін шығару үшін ТЖД құтқарушылары және шахта қызметкерлері опырылған топырақ пен тастың құлау қаупіне қарамастан жұмыс істеді. 

Оның барысында сағат 16:05–те экскаватор арқылы топырақты бөгеу кезінде 75 метр тереңдіктен машинистің денесі табылып, сараптамаға жіберілді.

Іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы және айтарлықтай үлкен қауіппен жүргізілгенін атап өткен жөн. Тау жыныстары мен топырақ үнемі сырғып түсіп жатты. Жұмысқа әртүрлі қызметтердің 200-ден астам қызметкері тартылды. 180 мыңнан астам тонна тау массасы шығарылды.

«Бұл шағын экскаваторға автобустың орналасқан жеріне түсіп, жұмысты бастауға мүмкіндік берді. Шұңқырдың шетінен топырақ пен тау жыныстарының қозғалысы мен құлауын бақылау жүргізілді. Құтқарушылар шұңқырдың түбіндегі экскаваторлар мен басқа мамандардың жұмысын сақтандыру мен қауіпсіздікті үнемі қамтамасыз етіп отырды. Авариялық-құтқару ережесі мен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жанармай, тамақ, маркшейдер — мамандарды түсіру, сондай-ақ табылған заттар көтерілді», - дейді ТЖМ баспасөз қызметінен. 

Мамандар топырақты металл детекторымен, геосканермен және магнитометрмен үнемі сканерлеп отырды.  

Сонымен қатар оқиға орнында кинологтар жұмыс істеді. 

Еске сала кетейік, 4 қаңтарда Павлодар облысындағы Майқайың алтын кенішінде ішінде адамдар бар автобус жер астына түсіп кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде