Шымкентте ер адам 16-шы қабаттан құлап, мерт болды
Оқиға «БИИК» тұрғын үй кешенінде болған, деп жазады otyrar.kz.
Фото: otyrar.kz
09:38 26.07.2024
Маңайдағы куәгерлер марқұмның бұл тұрғын үйде тұрмайтынын, пәтерді бірер күн бұрын жалға алғанын айтты.
Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Марқұмның өзіне қол салғаны немесе 16-шы қабаттан абайсызда құлағанын полция анықтайды. Ал оқиғаға қатысты қылмыстық іс «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша тіркелген.
«Аталған жайт бойынша істі Тұран ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105 бабы, яғни «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша тіркеді. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - делінген Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі мәліметінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!