{metadescription}
Қонаев қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қонаев қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қонаев қаласы әкімінің өкімімен Кенжебеков Төлеген Жолмырзаұлы қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 

Төлеген Кенжебеков 1986 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 

Еңбек жолын І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жастар жөніндегі маманы болып бастаған. 

Әр жылдары «Жетісу жастары» жастар орталығының маманы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабы Алматы облысы филиалының басшысы, облыстық ішкі саясат басқармасында, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында, облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде жұмыс істеді. 

2023 жылдың тамыз айынан Алматы облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі лауазымында қызмет атқарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде