{metadescription}
ҰҚК Шекара қызметі жүргізушілерге ескерту жасады

ҰҚК Шекара қызметі жүргізушілерге ескерту жасады

"Сырым" БӨП-інде көлік қозғалысы шектелуі ықтимал. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәліметінде айтылған.

ҰҚК Шекара қызметі 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды.

"Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы "Маштаково" БӨП-інің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған. Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде