{metadescription}
Алматыда сауда орталығына бомба қойылды деген хабар тарады

Алматыда сауда орталығына бомба қойылды деген хабар тарады

Алматыдағы ірі сауда орталықтарының біріне бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті.

Полиция департаментінің мәліметінше, қаланың төтенше және жедел қызметтері жарылғыш зат туралы хабарға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Алғашқы әрекет ету шаралары аясында қаланың төтенше жағдайлар қызметі аталған сауда орнын тексерді, нәтижесінде жарылғыш зат туралы хабар расталмады. Сауда орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Тексеру жұмыстары «Максима» сауда орталығында жүргізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде