Ресейде бөгет бұзылып, 160-тан астам адам эвакуацияланды
Челябі облысында бөгет бұзылғаннан кейін құтқарушылар елді мекендерден 163 адамды эвакуациялады, деп хабарлады ТАСС агенттігіне Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Фото: Видео кадры
10:21 27.07.2024
«Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Карабаш қалалық округінде 163 адамды эвакуациялады, оның 21-і бала», - деп хабарлады ведомство.
Киалим, Мухаметово, Байдашево және Карасево ауылдары көшірілді. Тұрғындар Карабашқа орналастырылған. Бөгет бұзылғаннан кейін толқын Мұхаметовоға жетіп, өзендегі су деңгейі 7 см-ге көтерілді.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!