Қостанай облысында жер сілкінді
ҚР ЭМ Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының мәліметінше, Рудный аумағында жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулерін қала тұрғындары да сезілді.
12:46 27.07.2024
Ресми мәлімдемеде жер сілкінісінің 2024 жылдың 27 шілдесінде таңғы сағат 9:54-те болғаны айтылған.
«Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде сейсмикалық оқиға болды. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 52,81 градус, шығыс бойлық 63,28 градус. Магнитудасы mb=3,9. Энергетикалық класс К=9,4», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!