Қазақстан париж олимпиадасындағы алғашқы медалін жеңіп алды
Нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Фото: olympic.kz
15:12 27.07.2024
10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола медаль жеңіп алды.
Кіші финалда олар Германия құрамасынан басым түсті. Есеп - 17:5.
Осылайша, араға ұзақ үзіліс салып мергендер Олимпиада медалін еншіледі.
Айта кетелік, нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері - Ольга Довгун.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!