{metadescription}
Алматы базарларында сатушылардан ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Алматы базарларында сатушылардан ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысы мен Алматы қаласында орналасқан сауда базарларын «қорғауға» аламыз деп, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды.

Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтың айтуынша, 27 мамырда өңірдің 47 жастағы тұрғыны хабарласып, 13 мамырда Қарасай ауданында белгісіз адамдар күш қолданып, оның 3,5 миллион теңгесін иемденгенін жеткізген.

«25 шілдеде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, облыстық прокуратураның келісуімен 31 және 36 жас аралығындағы ер адамдарды анықтап, ұстады», - деп жазды облыстық ПД бастығы өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде