{metadescription}
Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен 3 жасар бала құлап, мерт болды
Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен кішкентай бала құлап, мерт болды.
Фото: istockphoto.com
18:06 27.07.2024
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенер болсақ, қайғылы жағдай 27 шілде күні «Арай» тұрғын үй кешенінде орналасқан көпқабатты үйде болды.
«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!