{metadescription}

Алматыда Рысқұлов-Күдерин жолайырығы жабылады

Алматыда Рысқұлов-Күдерин жолайырығының аумағында орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізіледі. 

28 шілде түнгі сағат 23:00-ден 29 шілде сағат 23:00-ге дейін қозғалыс Күдерин көшесі бойымен Сахалин көшесінен тоннельдің соңына дейін толық жабылады. Сондай-ақ Рысқұлов даңғылынан батыс бағытта съезд, шығыс бағытта Солтүстік айналма көшесіне съезд, оңтүстік бағытта бұрылыста да шектеу енгізіледі.

Бұл аймақты Москвин, Сахалин, Крылов және Бөкейханов көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. 

Алматы тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде