Оралда скутер жедел жәрдем көлігіне соғылып, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді
Орал қаласында Мұхит пен А.Карев көшелелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды.
10:26 29.07.2024
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 28 шілде күні кешкісін болды.
«Жүргізуші маркасы анықталмаған, мемлекеттік нөмірі жоқ скутермен келе жатып, Hyundai жедел жәрдем көлігімен соқтығысуға жол берген. Жол апаты салдарынан скутер жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.
БҚО полиция департаментінің 25 шілдедегі мәліметі бойынша облыста электрлі скутер және мопедтердің қатысуымен 90 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 2 адам қаза тапты. 64 адам дене жарақатын алды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!