{metadescription}

Қазақстаннан заңсыз қой еті жеткізілмек болған - Қырғыз АШМ

«Кең-Бұлұн» шекаралық ветеринарлық бақылау бекетінің инспекторлары Қазақстаннан Қырғызстан аумағына 1600 келі көлеміндегі қой етінің заңсыз тасымалданбақ болғанын анықтады, деп жазады Кабар агенттігі.

Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жүктің ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес келмейтіні, сондай-ақ ветеринариялық ілеспе құжаттар пакеті болмағаны анықталды.

Ветеринариялық қызмет инспекторлары тиісті қайтару актісін жасап, жүк Қазақстанға қайтарылды.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде