{metadescription}

Елімізге 41 градус ыстық келе жатыр

Қазгидромет синоптиктері 30 шілде — 1 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. 

Батыс антициклонның әсеріне қарамастан солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді.

Еліміздің қиыр солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың тауларында қатты жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады.

Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің батысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі уақытта қатты ыстық болады.

1 тамызда елдің оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда +41°дейін өте қатты аптап болады деп болжанып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.